Ұзақ бұзақылығы үшін Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың концертінен түсірілген видео тарады. Видеода әншінің балағат сөз қолданғанын байқауға болады. Бұл жайт полиция назарынан тыс қала алмапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", делінген 2024 жылдың 29 сәуіріндегі полиция хабарламасында.


Айта кетсек, бүгін, 29 сәуірде танымал әншінің желідегі тағы бір видео бойынша да айыппұлға іліккені белгілі болды. Бұл арада әнші өзі түсірген видеода қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізіп бара жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді