Қазақстанда "электрондық білезіктерді" қолдану тәжірибесін кеңейту ұсынылды

ҚР Жоғарғы Соты тергеу соттарының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау кезінде электрондық білезіктерді қолдану тәжірибесі туралы мәселені қарастырған кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы тергеу сотының үй қамауындағы адамдарға қатысты электрондық білезіктерді қолдануы жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткен жөн:

"Радиоэлектрондық білезік бұл корпусты рұқсатсыз ашуға, алып тастауға бақылау жасау жүйесі. Жабдық жиынтығына смартфон түріндегі қорғалған станция, электронды білезік, бақылаудағы адамның кез келген құқыққа қайшы әрекеттерін тіркейтін радиомаяктар кіреді. Нақты уақыт режимінде күдіктінің қадамдық әрекеттерін қараудың техникалық мүмкіндігі бар, сондай-ақ күдіктінің алдыңғы күндеріне де мониторинг жүргізуге болады", делінген хабарламада.

Күдіктінің білезікті шешу әрекеті орын алған кезде дереу тергеу органына сигнал түседі.

Білезікті зарядтау мерзімі 11 айға дейін және жиынтықтың құны шамамен 1 млн теңгені құрайды.

Соттың мәліметінше, бүгінде бір адамды қамауда ұстауға арналған шығын айына шамамен 750 000 теңгені құрайды, яғни 2 айдағы шығын бір электрондық білезіктің құнына тең.

"Бұл ретте тергеу мен сот процестерінің орташа уақыты 3 айдан 6 айға дейін созылады және адамды бір іс бойынша қамауда ұстау мемлекетке 6 миллион теңгеге дейін шығын келтіретінін атап өткен жөн. Осылайша, электронды білезіктерді кеңінен қолдану мемлекеттік бюджетке оң әсерін тигізеді", делінген хабарламада.

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, электрондық білезіктерді кеңінен қолдану қылмыстық процесті ізгілендіруге және қамауда ұсталатын адамдардың санын азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ жоғарыда аталған шараларды қолдану шарттарын бұзу фактілеріне жедел ден қоюға және тергеу мен сот төрелігіне жасыру және кедергі жасау әрекеттерін тоқтатуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, Астана қалалық сотының бастамасымен білезіктерді қолдануды кеңейту бойынша пилоттық жобаны іске асыру ұсынылды. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында ЖС өкілдері, Мәжіліс депутаттары, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ЭТД, ҚМА, ІІД, "K-Cell" АҚ, "КаР-Тел" ЖШС өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

Кездесу аясында Астана қалалық соты мен "K-Cell" АҚ арасында пилоттық жобаны іске қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Жоба "K-Cell" АҚ қаражаты есебінен сатып алуға және құқық қорғау органдарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал күдікті үшін жалгерлік негізде білезік қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Қазақстан ҚР Жоғарғы соты Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: