Ақтауда өзара сөзге келген жастар қан-жоса болғанша төбелескен

Сурет: pixabay
Ақтауда жастар төбелесінен кейінгі жайсыз жайттың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Instagram-дағы "112-Ақтау" парақшасында жарияланды. Видеодан төбелес салдарынан орын алған жағдайға куә болуға болады. Көшеде тұрған бір көліктің сол жақ беттегі барлық әйнегі сынған, сондай-ақ маңдайшадағы үлкен әйнегі шытынаған. Көлікте және жерден қан дақтарын да көруге болады. Оқиға куәгерлері өзара сөзге келіп қалған төрт жастың төбелескенін айтады.  

"Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.  Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысы ПД-ға сілтеме жасап.
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды