Жезқазғанда полицейлерден қашқан ер адамды арнайы бөлімше сарбаздары ұстады

Сурет: видеодан алынды
11 мамырға қараған түні Жезқазғанда полицейлер мен "Арлан" арнайы бөлімшесі сарбаздары қолында қаруы бар ер адамның ізіне түсіп, қашқынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының полиция департаменті ер адамның полицейлер талаптарына бағынбай жасырынуға тырысқанын нақтылады. Жергілікті тұрғындар таратқан видеодан полицейлер мен арнайы күштер сарбаздары күдіктіні ұстап жатқан сәтін көруге болады.

"Полиция басқармасының "102" шұғыл байланыс желісіне хабарласқан қала тұрғыны көлік жүргізушісінің қолында қаруы бар екенін хабарлады. Жедел басқару орталығының офицерлері күдіктіні ұстауға патрульдік полиция мен "Арлан" арнайы бөлімнің сарбаздарын жіберді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады". Ұлытау облысы ПД


Сондай-ақ, полиция департаменті ер адамның ұсталған сәтін сипаттайтын видеоны жариялады.

"Тергеу амалдары қолға алынды, оның нәтижелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарияланбайды", - деді өңірлік ПД.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды