Оралда келіншегімен ұрсысып қалған ер адам тоғызыншы қабаттан секірмек болды

Сурет: Zakon.kz
12 мамырда сағат 23:20-да полицияға Орал қаласы тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Әйел адам Құрманғазы көшесіндегі үйдің төбесінде біреу жүргенін жеткізген. Жас жігіттің тоғызыншы қабаттан секірмек болғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Мой город" порталы Абай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полицейлері патруль жүргізу кезінде шатырдың шетінде отырған адамды байқағанын нақтылайды. 

"Полицейлерді көрген ер адам бірден оларды кім шақырғанын сұрады. Тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың алдын алу үшін "жәбірленушінің" назарын аудару үшін әңгімелесе бастайды. Сөз барысында олар оны қауіпсіз жерге алып шыға алды", делінген хабарламада.


Ер адамның әйелімен ұрсысып қалғаны, арақ ішіп, мас болғаны анықталды. Құтқарылғаннан кейін полиция оны уақытша бейімдеу орталығына жеткізді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды