Ақтауда оқушы қызға қол жүгіртті деп күдікке ілінген мектеп күзетшісі екі айға қамауға алынды

Сурет: Lada.kz
Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтаудағы №10 мектеп күзетшісінің оқушы қызға тиісу оқиғасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция ер адамның екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

"10 жасар оқушыға қол жүгіртті деп күдікке ілінген білім беру мекемесінің бұрынғы күзетшісі соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды", деп жазды lada.kz.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтауда мектеп күзетшісі кәмелетке толмаған қызды шақырып алып, бұрышқа тығып қол жүгіртпек болғанда, оның сытылып кеткені туралы аудиожазба тараған. Бұл фактіні мектептің өзі растап, оқиға жексенбі, 12 мамыр күні болғанын хабарлады. Күзетші дереу қамауға алынды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасы түсіп қалған. Күзет агенттігіне қарсы іс қозғалды. 

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін