Жасөспірім баланы сабаған қос оқушы қыздың видеосы – полиция күдіктілерді ұстады

Сурет: freepik
Әлеуметтік желіде екі қыздың бір жасөспірімді ұрып-соғып, мазақ етіп, бүкіл қылған әрекеттерін ұялы телефон камерасына түсірген видео пайда болды. Видеодағы қыздардың бірінің үстіндегі лентадан олардың биылғы мектеп түлектері екенін байқауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, видеода басқа бір жігіттің қолы көрінеді, соған қарағанда ол да бұл қылмыстың жанама қатысушысы болуы мүмкін. 


Алматы қалалық полиция департаменті Zakon.kz редакциясына аталған видеодағы жасөспірімдер анықталып, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

"Кәмелетке толмаған күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа жағдайлар анықталу үстінде", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Айта кетсек, 26 мамырда, жексенбіде елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түсті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі