Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада НЗМ-ның оқушысы пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті

Аурухана, Астана, НЗМ оқушысы, пышақ жарақаттары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2024 13:49 Сурет: primeminister.kz
26 мамырда, жексенбіде елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде зардап шеккен жасөспірім қыздың 12-сынып оқушысы екені, оған қарын, мойын, жамбас және қол аймағына пышақ жарақаттары салынғаны туралы айтылады.

Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы Zakon.kz редакциясына аталған фактіні растап, 18 жасар қызды өлтіруге оқталу фактісіне сәйкес қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары қолға алынғанын жеткізді. 

"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады елордалық полиция.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Мектеп оқушысына қанша рет пышақ сілтенгені туралы ресми ақпарат жоқ.

23 мамырда Түркістан облысының Сайрам ауданында 10-сынып оқушысы қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйде болмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: