Бишімбаевтың адвокатына қатысты шығарылған жеке қаулы бойынша сот өз шешімін жариялады

Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада 28 мамырда сот адвокат Ерлан Ғазымжановқа қатысты шығарылған жеке қаулы бойынша шешімді жариялады. Алдында судья Айжан Құлбаева өзін және адвокат әріптестерін құрметтемеген Ерлан Ғазымжановқа қатысты жеке қаулы шығарған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судья Элеонора Оңғарсынова Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 15 сәуірдегі Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша адвокат болған Ғазымжановқа қатысты шығарылған жеке қаулыны қанағаттандырмай, өзгеріссіз қалдыру керектігін айтты.

"Адвокаттың жеке шағымының дәлелдері расталмады. Аудио және бейнематериалдарды, сот отырысының хаттамасын зерделеу барысында адвокат Ғазымжанов тарапынан сотты құрметтемеу туралы бірінші сатыдағы соттың дәлелдері расталды. Төрағалық етуші судьяның талаптарына бағынбай, адвокат өзінің мінез-құлқымен бас сот отырысының тәртібін бұзып қана қоймай, іс бойынша сот тергеуінің қалыпты жүруіне кедергі келтірді", - деді судья.

Оның айтуынша, қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Сот қаулылары шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды.

Бұған дейін Ерлан Ғазымжанов өзіне қатысты шығарылған жеке қаулыны заңсыз деп тануды өтінген болатын.

27 мамырда полиция адвокат Ерлан Ғазымжановтың өзіне қоқан-лоққы көрсетілгені туралы шағымына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі