Өзімен бірге тұрып жатқан ер адамға пышақ сілтеген ақсулық келіншек түрмеге тоғытылмады

Сурет: Zakon.kz
Сот Ақсу қаласының 41 жастағы тұрғынын ҚР ҚК-нің 106-бабының бірінші бөлігі, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz-ның хабарлауынша, ер адамға азаматтық некедегі әйелінің іс-әрекеті ұнамай қалған. 9 наурызда кешке үйіне оралған Ақсу қаласының тұрғыны кешкі ас әзірлеп жатқан әйелінің шашынан ұстап, сүйреген. Әдепсіз сөздер айтып, дәлізге сүйреп шығып, басынан бірнеше рет ұрған.

"Әйелдің қолында асхана пышағы болған. Ол тоқтауын өтінгенмен ер адам соққыны жалғастыра берген. Осы кезде әйел күйеуінің бүйір тұсына пышақ тыққан", делінген хабарламада. 

Сот қысқартылған тәртіпте өтті. Ер адам сотталушыға ешқандай талабы жоқ екенін айтып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды