Храпунов сатып жіберген жедел медициналық кешен мемлекет меншігіне қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының прокуратурасы жекенің қолына өтіп кеткен, құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешенін мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұған дейін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын. Сот шешімі заңды күшіне енді". Алматы қаласының прокуратурасы

Ауданы 3974 шаршы метр және 50 сотық жер телімі бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз бергені анықталды.

"Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарлануда", делінген хабарламада.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды