Желіде алматылық мектеп түлектерінің жолдағы заң бұзушылықтарының видеосы тарады

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде бір топ жастың бес-алты автокөлікпен Алматы жолдарында ары-бері ойқастаған видеосы тарады. Жастар жол ережелерін жаппай өрескел бұзған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан олардың бастарын көлік терезелерінен шығарып алғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, олар "жолды жауып, тәртіпсіздік жасаған". Желі қолданушылары жастардың бұл әрекетін қатаң айыптауда.

Zakon.kz редакциясы аталған видео бойынша түсініктеме алу үшін полицияға жүгінді.

"Бұл факт бойынша тексеру амалдары қолға алынды. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар міндетті түрде жауапқа тартылады. Оларға ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, полицейлер жолдардағы мұндай қылық рұқсат етілмейтінін және қозғалыстың басқа қатысушыларына нақты қауіп төндіретінін еске салады.

"Мұндай фактілердің жолын кесетін боламыз. Біз ата-аналарды мектепті бітірген кезде балаларының тәртібін жіті бақылауға алуға шақырамыз", делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты