Ақтауда түнгі клубтан шыққандар қан-жоса болғанша төбелескен

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде түнгі клуб маңындағы төбелестен кейінгі қан-жоса болып жатқан көшенің видеосы тарады. Видео сипаттамасында бұл Ақтау қаласы, 8 ықшам аудан екені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Instagram-дағы 911.aktau парақшасында жарияланды.

"Кеше, шамамен таңғы сағат 04:30-05:30 аралығында 8 ықшам ауданда төбес болды, көшеде қан іздері көп. "Алтынфуд" ғимараты маңында түнгі клубтан шыққандар төбелескен, одан кейінгісі белгісіз", делінген видео сипаттамасында.

Lada.kz басылымы оқиға орнына бірнеше полиция көлігі болғанын растайды. Оқиға орнында қан іздері көп.

Полиция департаменті бір күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - деп атап өтті ведомстводан.
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды