Алматы, Түркістан облысы: Қаңтар оқиғасының белсенділерімен байланысты қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында күш құрылымы өкілдері қаңтар оқиғасына белсенді қатысушылармен байланысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр7

ҚР ІІМ баспасөз қызметі 17 маусымда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

"Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді", делінген хабарламада.

Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 


Шымкент
Түркістан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған