"ALI деп қашап жазған". Помпейге барған Қазақстан азаматы вандализм күдігімен ұсталды

Сурет: Помпей археологиялық саябағы/Италияның мәдениет министерлігі/Euronews
22 маусымда, сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Италияның Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйіндегі ашық түсті тас қабырғаға ALI әріптерін қашап жазып жатқан жерінен қазақстандық туристі ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туристің қылғаны туралы карабиньерлерге хабарланды және келтірілген залал бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін одан сұрақ-жауап алынатын болады, деп жазады Euronews.

Саябақ директоры Габриэль Цухтригель туристің қабырғаны қалыпқа келтіру үшін ақы төлеуіне тура келетінін айтты.

"Жедел әрекет еткен министрлік қызметкерлері мен Алесяға рақмет. Карабиньерлермен ынтымақтаса жақсы жұмыс істеді, біз оларға алғыс айтамыз", — деді Цухтригель.

1913-1914 жылдар аралығында қазып салынған Цеев үйі - соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі сирек кездесетін баспаналардың бірі. Бұл мұнда магистрат Луций Ция Секундус тұрған деседі. 


Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған