Бас прокуратура ата-аналарға үндеу тастады

Сурет: gov.kz
Қазақстандық ата-аналарға 2024 жылғы 26 маусымда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен ескерту түрінде үндеу жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.

"ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 2024 жылдың бес айында 2 474 тұлға 14 646 711 теңге сомасына айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілдеріне ескерту жасалды. Осы норманы бұзғаны үшін 46-дан астам тұлғаға ескерту түрінде жаза тағайындалды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) 2 001 тұлғаға 30 274 003 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Аталған санаттағы ең көп құқық бұзушылықтар мына өңірлерде тіркелді:

Шымкент
Ақтау
Тараз
Түркістан
ҚР Бас прокуратурасы
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі