Шымкенттік кәсіпкер 263 млн теңге көлемінде салық төлеуге міндеттелді

Сурет: freepik
Шымкент қаласының прокуратурасы кәсіпкердің салықтық тексеру актісін және тексеру нәтижесі туралы хабарламаны жою туралы әкімшілік талабын сот қанағаттандырудан бас тартқанын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы прокуратурасының хабарлауынша, Жоғарғы cот прокурордың мемлекетке 263 млн теңгеден астам ақшаны қайтару туралы кассациялық өтініш хатын қанағаттандырды.

Шымкент қаласының МАӘС шешімімен "Teмір-Металл оптом" салықтық тексеру актісін және тексеру нәтижесі туралы хабарламаны жою туралы әкімшілік талабы қанағаттандырудан бас тартылған. 

"Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу және уақтылы төлеу мәселесі бойынша аталған ЖШС-ға қатысты салықтық құжаттамалық тексеру тағайындаған. Тексеру қорытындысы бойынша хабарлама беріліп, оған сәйкес қосымша 263 млн теңге есептелген", делінген прокуратура хабарламасында.  

Кәсіпкер сот шешімімен келіспей, апелляциялық сотқа шағым түсірген. Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарыла отырып, бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған.

"Апелляциялық сатыдағы соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты қала прокуратурасы кассациялық өтінішхат енгізіп, мемлекеттің мүддесін қорғады", делінген хабарламада.

 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі