Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен қос жасөспірім аман-есен табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы Созақ ауданында 26 маусымда таңертең таудағы малды қарап келу үшін кетіп, қайта кері оралмаған кәмелетке толмаған қос бала іздестірілді. Жасөспірімдердің тауға мотоциклмен аттанғаны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғалған жасөспірімдердің туыстары полициядан көмек сұраған. 

"Кәмелетке толмағандарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, құтқарушылар, 30 астам еріктілер, қызметтік иттер, сондай-ақ, дрондар мен тікұшақ жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полиция балаларды тікұшақтың көмегімен тауып алды", делінген полиция хабарламасында.

Кейін белгілі болғандай, жасөспірімдер тауда адасып, 30-35 шақырым алыстап кеткен.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді