Гранатомет, Калашников автоматы: ҰҚК қару-жарақтың жасырын орындарын анықтады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
28 маусымда Ақтөбе облысы тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруы, оның ішінде екі Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасы, түтін бомбалары, рациялар және түрлі калибрлі 581 оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы ведомство мәліметінше, елімізде қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар әлі жүргізіліп келеді.  

"Мәселен, ағымдағы жылдың 28 маусымында ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі. Осы күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың екі жасырын орнын анықтады. Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруі және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырылғаны нақтыланады.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы
Ақтөбе
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды