Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі сарбаздардың өліміне қатысты түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
Қорғаныс министрлігі қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өлімінің Қарулы күштерге еш қатысы жоқ екенін мәлімдейді, өйткені олар әскери борышын Ұлттық ұлан сапында өткерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ құзырлы ведомство қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі. Әскери қылмыстарды тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды", делінген хабарламада.

Қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанатындығы да еске салынады.

Айта кетсек, Абай облысында мерзімді қызметтегі әскери сарбаз қаза тапты. Туыстарына жаттығу кезінде 20 жастағы Өсербай Ақанды көп тонналық әскери көлік таптап кеткені айтылған. Алайда, марқұмның жақындары бұған күмәнмен қарайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды