"Алдын кесіп, бетіне бұрыш шашқан". Елордалық азамат автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

Сурет: unsplash
Астанада 9 шілдеде қоғамдық көлік жүргізушісінің бетіне бұрыш шашқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, маршруттық автобус пен "Kia" автокөлігінің жүргізушілері арасындағы дүрдараздық күндіз Қалдаяқов көшесінде болған.

"Жеңіл көлік аялдама алаңына бұрылып бара жатқан автобустың алдын кеседі. Содан кейін жеңіл көліктің рөліндегі адам автобусқа кіріп, қол баллонынан жүргізушінің бетіне бұрыш шашқан. Іле-шала ол оқиға орнынан ізін суытады", делінген хабарламада.

Іздестіру іс-шаралары барысында 37 жастағы "Kia" жүргізушісі ұсталып, оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды