Құзырлы ведомство пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылатынын нақтылады.
"Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, тәуекел тобында тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысқа орналасу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. Аталған іс-шарада Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің пррбация қызметі басшылығы мен аудандық пробация қызметінің басшылары қатысты", делінген хабарламада.
Бұған дейін Антикор СҚО бойынша ҚАЖД басшысы не үшін ұсталғанын түсіндіргені хабарланған.