СҚО бойынша ҚАЖД басшысы не үшін ұсталды – Антикор түсініктемесі

Пара, ұсталу, СҚО бойынша ҚАЖД басшысы, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 17:08 Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылы 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновтың ұсталуына қатысты тың ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басшының ұсталғаны 10 шілдеде белгілі болды.

"Солтүстік Қазақстанда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының қылмысы әшкереленді. Ол СҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерлік субъектісінен 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген", делінген Антикор хабарламасында. 

Соттың санкциясымен күдікті үй қамағына алынғаны да нақтыланады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: