Ақтөбеде алаяқ екі әйел 172 адамды сан соқтырып, 40 млн теңгені заңсыз иеленген

Ақтөбеде 17 шілдеде "мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызып беремін" деп көпті алдаған екі әйел сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екеуге адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасау айыбы тағылды.

"Сотта 2022 - 2023 жылдар аралығында М. және А. тұрғындарға Атырау облысында орналасқан кең орнына вахталық әдіспен мұнай компаниясына жұмысқа орналастыруға уәде етіп, алдау жолымен әр жәбірленушіден 50 – 700 мың теңге аралығында ақша алып, салдарынан 172 жәбірленушіден жалпы сомасы 40 миллион теңге шамасында ақша қаражаттарын иемденгені анықталды", делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, аударым түбіртектерімен, есеп-шот үзінділерімен, сот-экономикалық сараптама қорытындысымен, қылмыстық істегі басқа да дәлелдермен толық расталғаны нақтыланады.

"Сотталушы А-ның жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның жас балаларының бар екенін таныды. Сот сотталушы А. басқа жәбірленушілерге қатысты бұрын осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін сотталғанын ескеріп, ауырлататын мән-жай ретінде оның іс-әрекеттерінде қылмыстардың қайталануын таныды. Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, А. 6 жылға, ал М. 4 жылға бас бостандығынан айырылды".Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, сот сотталғандарға коммерциялық ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындады. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе Алаяқтардан сақ болыңыз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: