Ел азаматтарының полиция, прокуратура және сот жүйесіне деген сенімі артып келеді – зерттеу

Сурет: Zakon.kz
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ел тұрғындарының құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімі артып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросы "Халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімділік деңгейі" атты іріктеліп жасалған зерттеу нәтижелеріне қатысты деректерді ұсынды. Сауалнама 2024 жылдың сәуір-мамыр айларында республикамздың барлық өңірінде, яғни қала тұрғындарының да, ауыл тұрғындарының да арасында жүргізілді.

Азаматтар қауіпсіздігі

Ұлттық статистика бюросы сайтының мәліметінше, зерттеу нәтижелері бойынша сұралғандардың 64%-ы өздері тұратын ауданда өзін толық қауіпсіз сезінеді;

Респонденттердің жауаптарына сәйкес, қауіпсіздіктің негізгі себептері жарықтандырудың болмауы/жеткіліксіздігі – 26,7%, жалғыз шығудан қорқу – 19,1% және қауіпсіздіктің төмен деңгейі – 19,1%.

Бұл жағдайда әйелдер (70%) ер адамдарға (58,5%) қарағанда өздерін толық қауіпсіз сезінеді.

Құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі

Зерттеу қорытындысы бойынша прокуратураға сенетін адамдардың үлесі 66% құрайды:

Полиция органдарына сенетіндер үлесі 61,6% құрады:


Сурет: stat.gov.kz


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенетін респонденттер үлесі 50,9% құрады;

Экономикалық тергеу қызметіне сенетіндер үлесі 47,8% құрады,

Сот жүйесіне сенетіндер үлесін 61,8% құрады,

Өртке қарсы қызметіне сенетіндер үлесі 79,4% құрады,

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі