"Омыртқасын сындырған". Рудныйда әйеліне жиі қол жұмсайтын ер адам сотталды

Сурет: pixabay
Рудный қалалық соттында бұрынғы жұбайын азаптап, денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейінгі уақыт аралығында С. өзінің бұрынғы жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғып, басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық азап келтіргені анықталды. Сонымен қатар, 2024 жылдың 4 сәуірінде ол өзінің бұрынғы жұбайына әдейі зиян келтірді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтіріліп, оң жақтағы 2,3,4 бел омыртқасының жабық сынуы түріндегі дене жарақаттарын салған.

Прокурор қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде қылмыстар жиынтығы бойынша барынша қауіпсіздік мекемесінде екі жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны тағайындауды сұрады, өйткені С. қылмысы бұрын жасалған ауыр қылмыс үшін өтелмеген соттылық кезінде жасалған.

Сотталушы кінәсін толық көлемде мойындаған жоқ.

Жәбірленуші Б. жазаны соттың қарауына қалдырды.


"Өтелмеген соттылығы, жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі бар С-ның жеке басын, кінәні жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, жәбірленуші Б-ның өтелмеген залалының болуын ескере отырып, сот екі жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Сотталған С-дан жәбірленуші Б-ның пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 3 000 000 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады