Маңғыстау облысының прокуроры мұнай кен орындарында еңбек ұжымдарымен кездесті

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев "Қаражанбас", "Солтүстік Бозашы", "Қаламқас" ірі кен орындарына жұмыс сапарымен барып, кәсіпорындарының жұмыс жағдайларымен танысып, еңбек ұжымдарымен әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында прокурор "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және уәкілетті органдардың басшылығымен бірлесіп мұнайшылар мен мұнай сервисі кәсіпорындары жұмысшыларының қазіргі тұрмыстық жағдайларын қарап шықты.

Кәсіпорын басшыларымен кен орындарында бар проблемалық мәселелер мен әлеуметтік саланы одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды.

Өз кезегінде еңбек ұжымдары өндірісте жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын атап өтті.

"Еңбек ұжымдарымен осындай кездесулердің өткізілуі өңіріміздің жұмысшылары қандай қолдауға мұқтаж және олардың еңбек қызметі процесінде туындайтын мәселелеріне көз жеткізуге мүмкіндік береді", - деп  айтты Айдос Майлыбаев.

Облыс прокуроры іссапардың нәтижесімен жұмыс берушілер мен кәсіпорын қызметкерлері де еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігіне назар аударды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстауда прокурорлық қадағалау актілері бойынша 12 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары қорғалғандығын еске саламыз.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды