Алматы мен Алматы облысындағы базаларды жағалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Сурет: видеодан алынды
Алматы облысында полицейлер Алматы қаласы мен облыс базарларын жағалап, ақша бопсалаушы күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов 27 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы қаласы мен өңірдің сауда базарларында қолдап, өз қамқорлығына алу үшін кәсіпкерлерден ақшалай қаражат бопсалайтын қылмыстық топ туралы ақпарат түскенін мәлімдеді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "маргиналды жастардың" қолынан зардап шеккен Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жәбірленуші 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, одан 3,5 миллион теңгені иемденгенін айтты", деп жазды облыстық ПД бастығы Instagram-да.

Ол 25 шілдеде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап ұстағанын нақтылады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Тергеу жүргізілуде.

Алматы
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады