Қазақстанда отбасылық агрессорлар қарудан айрылады

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысының прокуратурасы азаматтық қару айналымы саласындағы заңнаманы қолдану мәселелерін талдады. Нәтижесінде 20-ға жуық адам қаруды иелену құқығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының прокуратурасы азаматтық қару айналымы саласындағы заңнаманы қолдану мәселелерін талдады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасау азаматтық қару айналымы саласындағы рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін негіз болып табылады.

"Мысалы, Қостанай тұрғыны сот қаулысымен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған қатысты тіпті қорғау ұйғарымы шығарылды, алайда уәкілетті орган оның рұқсатының қолданылуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдаған жоқ. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 494 бұзушы білімін тексеруге жіберілді, 19 отбасылық агрессорға қатысты қаруды алып қою арқылы рұқсаттардың күшін жою жөнінде шаралар қабылданды. Тиісті бақылаудың және уақтылы шаралардың жоқтығы үшін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды",- делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство қару айналымы саласындағы заңнама нормаларын сақтау прокуратура органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін