Павлодарда балабақшада төсек құлап, бірнеше баланы басып қалды. Сотта күтпеген жағдай орын алды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда балабақшалардың бірінде үстіне төсек құлап, зардап шеккен баланың анасы тәрбиешімен татуласты. Төсек бірнеше баланың үстіне құлаған. Соған сәйкес балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 16 тамызда Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас баланың денсаулығына абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеліп соққан, жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау фактісі бойынша балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта тәрбиешінің қарауынсыз қалған жас бала өз бетінше үш қабатты төсекке көтеріліп, оны шетінен тартқылай бастағы, оған тағы екі бала келіп қосылғаны, салдарынан керуеттің жоғарғы жағының құлағаны анықталды. Құлаған төсек Ж-ны басып қалып, оң жақ иық сүйегінің сынуы түріндегі дене жарақаты тіркелді.

Басты сот талқылауында балабақша тәрбиешісі өз кінәсін толық мойындап, жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық зиянды өтеп берді. Ол және кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі татуласты және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы өтінішхат берді.

"Сот шешімімен К-ның іс-әрекеті онша ауыр емес қылмыстар санатына жататыны нақтыланды. Осы санаттағы істер бойынша ҚК-тің 68-бабы 1-бөлігінің талаптары негізінде жәбірленушімен татуласқан және оған келтірілген зиян толық қалпына келтірілген жағдайда іс тоқтатылуы тиіс. Осыған байланысты сот К. мен жәбірленуші өкілінің өтінішхатын қанағаттандырып, К-ны қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты".Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті