Су ресурстары Қазақстан облыстары арасында қалай бөлетін болады

Су ресурстары және ирригация министрі 2023 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрықпен Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу қағидаларын бекітті. Құжат 31 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа заң жобасы трансшекаралық суларды қоспағанда, су объектiсiнiң бассейнi екi немесе одан да кеп облыс аумағында орналасқан жағдайдағы Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу тәртiбiн айқындайды.

Республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу мақсаты халықтың, облыстар экономикасы салаларының қазiргi және перспективалық қажеттерiн қанағаттандыру әрi бассейндегi қоршаған ортаның экологиялық орнықтылығын сақтау үшiн облыстар арасында жер бетi су ресурстарын бөлу жөнiнде шаралар қабылдау болып табылады.

Республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеудi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның бассейндiк инспекциялары су ресурстары мен су шаруашылығы теңгерiмдерiн кешендi түрде пайдалану мен қорғаудың бекiтiлген басты және бассейндiк схемалары негiзiнде облыстар бойынша су тұтыну лимиттерiн белгiлеу облыстық атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, бассейндегi су ресурстарын ұтымды пайдалану әрi қорғау жөнiндегi iс шаралар әзiрлеу және оларды iске асыру жолымен жүзеге асырады.

Су объектiлерiн қалпына келтiру әрi қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру, су объектiсiнiң бассейнi шегiнде орналасқан бассейндiк инспекциялар, жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да субъектiлер арасында бассейндегi су қорын пайдалану мен қорғау саласында туындаған проблемаларды шешу мақсатында оның шеңберiнде бассейндiк кеңес құрылатын бассейндiк келiсiмдер жасалады.

Бассейндiк келiсiмдерде проблемалық мәселелердi шешу және оларды орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды бiрiктiру жөнiндегi тараптардың ниетi қамтылады.

Облыстық атқарушы органдар бассейндегi су қорын пайдалану мен қорғау саласында облысаралық маңызы бар проблемалық мәселелер туындаған кезде оларды тиiстi бассейндік кеңестің қарауына енгiзедi.

Бассейндiк кеңес ұсынылған проблемалық мәселелердi қарап, су қатынастарын реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi, олардың негiзiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы орган бассейннiң су объектiлерiн дамыту, қалуына келтiру және қорғау жөнiнде жыл сайын жоспарланатын бағдарламаларда, ғылыми және жобалық әзірлемелерде туындаған мәселелердi шешу үшiн iс-шаралар көздейді.

Бұйрық 2024 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: