Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концерт кезінде 35 бала жоғалып, ата-анасын таппай қалған

Сурет: Қарағанды қаласы ПД баспасөз қызметі
Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концерт кезінде 35 бала жоғалып, ата-анасын таппай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция мәліметінше, сенбі күні қаланың орталық алаңына Кеншілер күніне орайластырылған концерттік бағдарламаны тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен жиналды.

"Іс-шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға полиция департаментінің 500 ден астам жеке құрамы жұмылдырылды. Айта кету керек іс-шара кезінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлерімен концерт кезінде ата-анасы және жақындарынан адасып қалған 35 бала табылып, туысқандарына қайтарылды", делінген Қарағанды қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, Қарағанды облысының тұрғындары тамыз айының соңғы жексенбісінде дәстүрге сәйкес кеншілер мерекесін атап өтеді. Халық саны миллионға жақындаған кеншілер астанасында сенбінің кешінде Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек