Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін – Кеншілер күні

Кеншілер күні, кәсіби мереке, 25 тамыз, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 09:41 Сурет: freepik
Елімізде тамыз айының соңғы жексенбісінде көмір өнеркәсібі жұмысшылары – кеншілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Қарағанды көмір бассейнінде Шахтер күні 1948 жылы атап өтілді. 1948 жылы 27 тамызда бассейн шахтасында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс болып, онда соғыстан кейінгі бесжылдык қорытындысы шығарылды. 1948 жылы 28 тамызда Қарағанды көмірін өндірудегі жетістіктері, шахта құрылысына еңбектің озық тәсілдерін енгізгені үшін қарағандылық 10 шахтерге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Биыл бұл кәсіби мереке 25 тамызға сай келіп отыр.

Қазақстанда электр қуатының 70 пайызы көмір арқылы өндіріледі. Барланған көмір қорының басым бөлігі Павлодар, Қарағанды облыстарына тиесілі. Мысалы, Қарағанды облысындағы 8 шахтада биыл 6 млн тоннадан астам көмір өндірілмек. Кенді өлкеде 40 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 

24 тамызда Қарағанды өңірі бұл мерекеге орай концерт ұйымдастырылып, соңында отшашу атылды.

Ал одан бір күн бұрын осы сала үздіктері марапатталды. Ол үшін Қарағандыға ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков барған еді.

23 тамызда Ұлытау облысында болған Үкімет басшысы Олжас Бектенов Кеншілер күні қарсаңында шахтерларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапаттар табыс етті.

"Құрмет" орденімен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалының ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулет Айқымбаев марапатталды. ІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордені тау-кен жұмысшысы Әлиасқар Аймановқа, ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордені учаске шеберлері Қанат Исабек пен Бауыржан Қопабаевқа, "Ерен еңбегі үшін" медалі – бұрғылаушының көмекшісі Данияр Аккикеловке, оператор Раушан Қалмырзинаға, үңгілеуші Бекмұхан Қалдаровқа, учаске бастығының орынбасары Ақбейсен Қайырбековке, бұрғылаушы Кентай Оразбековке, машинист Бейсен Әбілмажинге, жетекші механик Борис Поликарповқа және Жезқазған байыту фабрикаларының өндіріс директоры Арыстанбек Әбдіқайыровқа табысталды.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: