Қоғамдық орында онанизммен айналысқан Ақтау тұрғынына айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Тұрғын үй кешенінің подъезінде өз-өзінен қозып, жыныстық ләззатқа берілген (онанизммен айналысқан) ер адам сотқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 тамызда Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жабық сот мәжілісінде қаралды.

Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның кінәсі сот отырысында зерттелген куәнің жауаптарымен, іске тіркелген бейнежазбамен және басқа да істегі дәлелдемелермен өз дәлелін тапты.

Сот шешімімен ақтаулық ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды