Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидалары бекітілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары жанынан журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеудің тәртібін белгілейді.

Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Журналистерді аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.

Журналистерді аккредиттеу тәртібі тұрақты және уақытша аккредиттеуді көздейді.

Тұрақты аккредиттеу:

Журналистерді тұрақты аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның жанында оның орналасқан жеріне және тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.

Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.

Аккредиттеуші ұйым өзінің интернет-ресурсында журналистерді қазақ және орыс тілдерінде тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.

Аккредиттеуші ұйым он жұмыс күні ішінде аккредиттеуші ұйым жанынан өз журналистерін аккредиттеуге тілек білдірген бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бас редактордың және бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолымен ұсынады.

Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі — құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні. Аса маңызды мемлекеттік объектілерде және стратегиялық объектілерде тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі — он жұмыс күні.

Аккредиттеуші ұйым өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

Аккредиттелген журналист мына ережелерді сақтауға тиіс:

Аккредиттеуші ұйым өткізілетін іс-шараның регламентін бекітеді.

Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:

Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

Журналисті тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:

Аккредиттеуші ұйым негіздемені анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті аккредиттеуден айырғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын хабардар етеді.

Журналистерді тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.

Журналистерді аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында бірыңғай медиа платформа арқылы "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аккредиттеу карталары беріледі.

Уақытша аккредиттеу:

Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді уақытша аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және меншік иесінің қолымен ұсынады.

Аккредиттеуші ұйым өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

Уақытша аккредиттелген журналист мына:

Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:

Бұйрық 2024 жылдың 20 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: