Алаяқтық жолмен біреудің криптовалютасын иеленген алматылық сотталды

Сурет: Zakon.kz
Бөтеннің 67 млн теңге тұратын криптовалютасын заңсыз иеленген Алматы қаласының тұрғыны 6 жыл 8 айға сотталды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық прокуратурасы нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, Бостандық ауданының аумағында тараптар арасында криптовалютаны алып сату бойынша мәміле жасалған. Белгісіз азамат жәбірленушіні алдап, крипто әмиянының жалған шотын хабарлаған. Нәтижесінде ол жәбірленушінің 67 млн тенге көлеміндегі криптовалютасын заңсыз иеленді.

"Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушіге 19,5 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды".Алматы қаласының прокуратурасы

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы азаматтарды электронды ақша аударымы кезінде қырағы болуға шақырады.


Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды