Павлодарда жоқ адамдар атына жалақы тіркеп, ақша "жеп келген" колледж бастығы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласының № 2 соты колледж басшысына қатысты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2013-2023 жылдар аралығында Түсті металлургия жоғары колледжінің басшысы болған Б. бюджет қаражатын жымқыру мақсатында жалған қызметкерлер туралы әдейі бұрмаланған мәліметтері бар жұмыс уақытын есепке алу парақтарына қол қойғаны анықталды. Салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 130 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сотталушы Б. өз кінәсін ішінара мойындады.

Сотталушының қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

"Осыны, сондай-ақ кінәсін ішінара мойындауын, жағымды мінезделуін және асырауында екі жас баланың болуын ескере отырып, сот Б-ға банк шотындағы ақшалай қаражатын тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ Б. өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды".Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін алаяқтық жолмен біреудің криптовалютасын иеленген алматылық сотталғаны хабарланған. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі