Желідегі даулы видео: БҚО-да прокурор қызметінен босатылды

Желідегі даулы видеодан кейін БҚО-да мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев басшылыққа өзін жұмыстан босатуды сұрап, рапортпен жүгінді. 20 тамызда ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының мәліметінше, тамыз айының басында желіде бейнеролик тарады, одан Бисқалиевтің күндізгі уақытта мас күйінде қалада жүргенін байқауға болады. Алайда, тексеру кезінде ер адамның медициналық куәландыруға сәйкес мас болмағаны анықталды.

"Объективті себептерге байланысты фото мен бейнежазбаның қашан түсірілгенін анықтау мүмкін болмады. 15 тамызда қызметтік тексеру нәтижесі мен облыс прокуратурасы тәртіптік комиссиясының ұсынысына сәйкес Бисқалиев қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Бисқалиев мемлекеттік қызметшіге қойылатын жоғары талапты түсіне отырып, басшылық атына өзін қызметінен босату туралы рапортпен жүгінді", - деді БҚО прокуратурасы.

Бұған дейін хабарланғандай, Қарағандыдағы рестобардағы төбелес видеоға түскен.

Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: