Қызметкер еңбек демалысында жүрген әріптесінің міндеттерін орындай ала ма

Фото: pexels
Бөлім басшысы оған басқа бөлім қызметкерінің міндеттерін жүктегені үшін қосымша ақы алады. Ол бір уақытта өзінің қарамағындағылар үшін де міндеттерін орындай ала ма? Бұл сұраққа Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек кодексіне сәйкес бір ұйымда өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе сол лауазым бойынша қосымша жұмысты не өзінің негізгі жұмысынан босатылмай уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.

Қызметкерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар келесі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:

Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы мөлшерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлеміне қарай қызметкермен келісім бойынша белгілейді.

Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қызметкерлерге қосымша ақы төлеу, егер уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, жүргізілмейді. Мысалы, бастық орынбасарының лауазымдық міндеттеріне бастық лауазымын ауыстыру кіреді. 

Бұған дейін Қазақстандық жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне берер берешегі қаншалықты екені белгілі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі