Алматыда 23 млн теңге ұрлаған гимназияның бас есепшісі сотталды

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы гимназиялардың бірінің бас есепшісі 23 млн теңгені заңсыз иеленгені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды.

Алматы қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы гимназиялардың бірінің бас есепшісі Н. оқу орнының банктік шоттарына қол жеткізе отырып, "Интернет-банкинг" электронды жүйесі арқылы өзінің жеке шотына, сондай-ақ, басқа тұлғаның шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аударып отырған.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 23 миллион теңгені құрайды.

Сотта сотталушы Н. өз кінәсін толық мойындап, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

"Сот сотталушы Н-ны кінәлі деп танып, өз кінәсін мойындауының, куәгерлердің айғақтарының, маманның қорытындысының негізінде оны 7 жылға бас бостандығынан айырды", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

9 қыркүйекте Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызғаныштан әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған ер адамды кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны белгілі болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін