Ақтауда қарнына пышақ қадалған ер адам терезеден секіріп кетті

Сурет: Zakon.kz
14 қыркүйекте әлеуметтік желіде өз-өзін пышақпен жарақаттап, терезеден секірген ер адамның видеосы тарады. Құлаған ер адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода ол: "Бұл қылмысты мен жасаған жоқпын", - дейді.

Zakon.kz редакциясы аталған қайғылы оқиғаға қатысты сауалмен Маңғыстау облысының полиция департаментіне жүгінді.

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тергеу амалдарын қолға алды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда", - деді ведомстводан.

Бұған дейін Щучье қаласында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлағанын хабарлаған болатынбыз. Жасөспірім қыз қазір ауруханада жатыр.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін