"Бетон қоршауға соғылған". Алматы-Өскемен тас жолында апатқа ұшыраған көліктің жүргізушісі қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 15 қыркүйекте түнгі сағат екіде Алматы-Өскемен тас жолының 25 шақырымында жол апаты болды. Chevrolet Cobalt бар жылдамдығымен ақылы терминалдың бетон қоршауына, содан кейін жақын маңдағы көлікке соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатты соққыдан көлік бар инерциясымен бір жаққа ұшып, сол маңда тұрған Hyundai Sonata-ға соғылды. Chevrolet-тің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

"Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болжам бойынша, Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция көлік жүргізушілерін рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ жол ережелерін бұзбауға шақырады.


15 қыркүйекте таңертең Алматыда жол апаты салдарынан ер адам мен 15 жасар жасөспірім ауруханаға түсті. Апат Саин көшесі бойында болды. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты