Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы қызметтердің жаңа бағалары бекітілді

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 11:05 Фото: freepik
ҚР Әділет министрі 2026 жылғы 23 қарашадағы бұйрығымен мемлекеттік монополия субъектісі ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында көрсететін қызметтердің бағаларын өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін құруға немесе дамытуға қатысты құжаттардың киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүргізілетін сараптаманың бағасы құжат түріне қарай белгіленді.

Құжат түрі Бір сараптаманың бағасы

  • Инвестициялық ұсыныс 409 644 теңге (ҚҚС-сыз)
  • Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі 199 570 теңге
  • Техникалық тапсырма 387 671 теңге

Бұйрықта киберқауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтердің бағалары бекітілді:

  • Салааралық үйлестіру – бір қызмет үшін 2 167 692 741 теңге. Бұл қызмет "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін, интернеттің қазақстандық сегментін және аса маңызды цифрлық объектілерді қорғау, олардың қауіпсіз жұмыс істеуі мен киберқауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау мәселелерін қамтиды. Оған киберқауіпсіздік саласындағы оқыс оқиғаларға ден қою және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу де кіреді.
  • Киберқауіпсіздік саласындағы оқыс оқиғалар туралы ақпаратты жинау, талдау және қорытындылау – бір қызмет үшін 360 557 738 теңге. Бұл ақпаратты салалық киберқауіпсіздік орталықтары мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары ұсынады. Ақпарат "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері мен аса маңызды цифрлық объектілерде болған оқиғаларға қатысты.
  • Цифрлық объектілердің меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жәрдем көрсету – әр оқыс оқиға үшін 4 415 583 теңге.

Сондай-ақ мына қызметтердің бағалары бекітілді:

  • "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтан өткізу.
  • Ұлттық киберқауіпсіздікті үйлестіру орталығының мониторинг жүйесі арқылы "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінде киберқауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылау.
  • "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілеріндегі киберқауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу.
  • Цифрлық объектілердегі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалу деңгейін тексеру.
  • "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері бойынша киберқауіпсіздік зерттеушілерімен өзара іс-қимыл бағдарламасын іске асыру.
  • Ұлттық киберқауіпсіздікті үйлестіру орталығының цифрлық объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету – бір қызмет үшін 170 018 924 теңге.
  • "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілеріндегі киберқауіпсіздік қатерлері мен оқыс оқиғаларды анықтау, олардың жолын кесу және оларды зерттеу, сондай-ақ оларды жою немесе алдын алу жөнінде ұсынымдар беру – бір қызмет үшін 796 072 873 теңге.
  • Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қатысу – бір қызмет үшін 855 806 теңге.

Бұйрық 2026 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: