Алматыда көлік шұңқырға аударылып, жүргізуші мен 15 жасар жасөспірім ауруханаға түсті
Сурет: Zakon.kz
Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқанда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты бұрылысқа келгенде рөлге ие бола алмай қалады.
Жолдан шығып, бордюрге соғылған көлік арықтан асып түскен.
Одан кейін тротуар үстімен зытқыған көлік электр шам бағанын қиратты. Бұл соққыдан соң темір тұлпар тереңдігі шамамен 10 метр болатын шұңқырға аударылып, мамандандырылған ХҚКО-ның бетон қоршауына барып қадалады.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 15 жастағы жасөспірім зардап шекті. Екеуі де екі бөлек ауруханаға жеткізілді.
Жол апатына не түрті екені әлі анықталмады. Бұл таңертең ерте болған жайт екенін ескерсек, жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен болуы керек деп болжайды, - кейбір оқиға куәгерлері.



