"Ертіс орманы" қорында 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін ағаш кесуге тыйым салынды

Фото: Zakon.kz
Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы 2024 жылғы 10 қыркүйектегі "мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түрлеріне тыйым салу туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне (өтімді қоқыстарды жинаудан, тілмелерді кесуден және орман күтімін кесуден басқа) тыйым салу енгізілсін",- делінген құжатта.

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

Бұйрық 2024 жылғы 27 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек