Қызылордада екі жасөспірім қыз көше шамдарын қасақана сындырған

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Қызылордада полиция қызметкерлері көше шамдарын сындырған екі жасөспірім қызды ұстады. Бұзақы жастардың әрекеті сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді.

"12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Павлодарда 17 жастағы студент мұғалімге пышақ жұмсағанын, қазіргі уақытта педагог ауруханаға жатқаны хабарланған. 

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін