Алматыда полиция стоматология ғимаратынан 13 мың вейп тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматыда стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған. Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол электронды темекінің заңсыз айналымын ұйымдастырғанын мойындады.

"Ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқанын айтты. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енген болатын. 


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі