Жолда ойына келгенін жасаған алматылық жүргізуші бес бап бойынша жауапқа тартылды

Сурет: pixabay
Алматыда түнгі сағат бірде BMW көлігін тізгіндеген 21 жастағы бозбала Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына нақты қауіп төндірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмалы ауданында түнде "Астана" алаңына жақын орналасқан үйлердің тұрғындары тежегіштердің сықыры мен мотордың гуілдеген дыбысынан  оянып, бірден 102 байланыс желісіне хабарласқан.

"BMW көлігінің жүргізушісі ұсталып, ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін бес бап бойынша жауапқа тартылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Шешім шығару үшін іс материалдары жақын арада сотқа жолданады", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов 

21 жастағы Алматы тұрғынының бес тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны да нақтыланады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды