ҰҚК Алматыдағы Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы фактіні растады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқанын растады. Марқұм үшінші курста оқып жүрген екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі жас жігіт опат болғаны күні, яғни 2024 жылдың 22 қыркүйегінде кезекті демалыста болғанын нақтылайды.

"Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курста оқитын курсанттың денесі табылды. Өлімінің себебі - биіктен құлау. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қайғылы оқиғаға түрткі мән-жайлар анықталуда", делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетсек, ҚР ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы 2024 жылдың 22 қыркүйегінде таңертең белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, 19 жастағы жігіт биіктіктен құлаған.

Алматы
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін