ҚР Мемлекеттік туымен жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдіктер қандай шарттармен жұмысқа орналаса алады

Фото: Министерство обороны РК
Көлік министрінің м. а. 2024 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР Мемлекеттік туымен жүзетін кеме экипажының құрамына кіре алатын жағдайлар бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мемлекеттік туымен жүзетін кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау "Халықтың көші-қоны туралы" Заңға сәйкес мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

- сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мамандар үшін және ішкі су саласындағы мамандар үшін денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы керек;

- шетелдіктер үшін – жарамды шетелдік паспорт, бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттерімен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасалмаған шетелдіктер үшін қосымша тиісті виза болуы қажет;

- азаматтығы жоқ адамдар үшiн – азаматтығы жоқ адамның куәлiгi немесе азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесiн растайтын, шет мемлекет берген шетелдiк паспорт болуға тиiс. 

Бұйрық 2024 жылғы 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін